Түркия мемлекетінде өткен Fibonacci International Robot Olympiad халықаралық чемпионатында петропавлдық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған командалар арасында жерлестеріміз жүлделі орындарға ие болып, Италияның Рим қаласында өтетін әлемдік финалға жолдама жеңіп алды. Халықаралық додада бақ сынаған төрт команданың барлығы жеңіспен оралды.
Fibonacci International Robot Olympiad халықаралық Еуразиялық чемпионаты Түркияның Анталия қаласында өтті. Ауқымды жарысқа әлемнің 21 елінен 600-ден астам команда қатысып, робототехника, бағдарламалау және инженерлік жобалар бойынша бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайының командалары да өнер көрсетті. Жас өнертапқыштар бірнеше бағыт бойынша қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, әлемдік кезеңге төрт бірдей жолдама жеңіп алды.
СНХР: ДИНА ӘБІЛМАЖИНОВА «DIGITAL URPAQ» ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Халықаралық чемпионатта петропавлдық оқушылар бірнеше номинация бойынша жүлдегер атанды. «Girls Triathlon» санатында Ләйлім Базарбаева ІІ орын иеленсе, «3 kg Lego Sumo Primary school» бағыты бойынша команда ІІІ орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, жерлестеріміз 2 аталым бойынша арнайы «Jury Award» марапатына ие болды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, жарыстағы бәсеке өте жоғары болған.
СНХР: ҚАЙСАР КӘКІМОВ, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Жүлдегер атанған дарынды оқушылардың бірі – Ләйлім Базарбаева. Ол «Girls Triathlon» санаты бойынша ІІ орынды иеленді. Оқушының жобасы экологиялық технология бағытына арналған. Айтуынша, Түркиядағы халықаралық додаға алғаш рет қатысу үлкен тәжірибе болған. Қарсыластар да осал болмағанын айтады. Енді жас өнертапқыш әлемдік кезеңде үздік нәтиже көрсетуге ниетті.
СНХР: ЛӘЙЛІМ БАЗАРБАЕВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Қазіргі таңда команда 19-24 қараша аралығында Италияның Рим қаласында өтетін әлемдік финалға дайындықты бастап кетті. Жаттықтырушылардың сөзінше, алдағы кезеңде дайындық күшейтіліп, оқушылар ел намысын абыроймен қорғауға бар күштерін салмақ.