Солтүстік Қазақстан облысында биыл ауыр жүк көліктерінің ағынын реттеу іс-шаралары күшейе түспек. Жыл басынан бері көліктік бақылау мамандары 1200 көлікті тексеріп, заң бұзған 80 жүргізушіге 15 миллион теңге айыппұл салды. Алайда, белгіленген нормадан асыра жүк тиеген көліктер өңір жолдарының нашарлауына тікелей қатысты.
Рұқсат етілген салмақтан асыра жүк тиеу жол сапасының нашарлауына басты себеп. Статистикаға сүйенсек, бұл бағыттағы тексеріс жыл сайын қатаңдап келеді. 2024 жылы 500 құқық бұзушылық анықталып, 80 млн теңге айыппұл салынса, 2025 жылы 1000 жүргізуші жауапқа тартылып, бюджетке 220 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Қазірдің өзінде 1200 көлік тексерістен өтті. Дегенмен, кейбір жүргізушілер жауапкершіліктен қашу үшін түрлі қулықтарға баратын көрінеді.
Снх: НҰРСҰЛТАН ЖАМАШЕВ, СҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі уақытта өлшеу бекеттерінде тәулік бойы кезекшілік орнатылған. Ресми талап бойынша, жүк көлігіне түсетін салмақ 8 тоннадан аспауы тиіс. Артық салмақ жоғары дәлдіктегі таразылар мен арнайы құрылғылар арқылы анықталады.
Снх: ЖАСҰЛАН СӘДУАҚАСОВ, СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ
Ауыр жүк көліктері мәселесі облыстық әкімдіктің отырысында да талқыланды. Өңір басшысы жолдарды сақтап қалу үшін бақылауды әлі де күшейтуді және бұл мәселені қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.