Өңірде республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Жоспар бойынша 14 мың шаршы метрден астам жол жабыны қалпына келтіріледі. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталығында да қарқынды жүргізілуде.
Петропавл қаласында 32 көшеге орташа жөндеу жүргізу жобалары әзірленген. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 26 шақырымнан асатын 29 топырақ жолды асфальттау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, биыл 22 шақырым жолда маршруттық тәсілмен жөндеу жұмыстары атқарылады. Сондай-ақ, шамамен 40 мың шаршы метр аумақта шұңқырларды жамау жұмыстары қолға алынбақ.
БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ