29 сәуір - Халықаралық би күні, ал 1 мамыр – Бірлік күні. Осы қос мерекенің тоғысында Достық үйінде «Бірлік биі» атты фестиваль өтті. Іс-шарада түрлі этнос өкілдері бір сахнада өнер көрсетіп, би арқылы достық пен татулықтың маңызын паш етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты - халықтар арасындағы бірлік пен мәдени байланысты нығайту.

Фестиваль аясында «Алуа» халық би ансамблі де өнер көрсетті. Мың бұралған биші қыздар көрермен назарына ұлттық нақыштағы қазақ биі мен өзбек биін ұсынды. Әр қимылы үйлесім тапқан өнерпаздардың орындауы көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Ансамбль мұндай іс-шаралардан қалыс қалмайды.

МАДИНА ҚҰСАЙЫНОВА, «АЛУА» ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ ПЕДАГОГЫ

Мәдени жиында тек би ғана емес, ән шырқалып, мәнерлеп өлең оқу да ұйымдастырылды. Сахнаға шыққан қатысушылардың жасы әртүрлі болғанымен, барлығы өнер арқылы ортақ рухты жеткізе білді.

ИРИНА ШАЛАК, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚБ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

 Аталған мәдени бастама қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Мұндай іс-шаралар өнер арқылы түрлі ұлт өкілдерін жақындастырып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге жол ашады.