Петропавлдағы Достық үйінде Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосу «Адал азамат: қазіргі қоғамның құндылықты бағдарлары» тақырыбына арналды. Жиынға 30-дан астам адам қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арасында азаматтық жауапкершілікті, патриоттық рухты, адамгершілік және қоғамдық тәртіпті құрметтеу сынды қасиеттерді қалыптастыру.
Снх: ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Басқосуға Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Сондай ақ 6637 әскери бөлімінің сарбаздары мереке қарсаңында арнайы шақырылды.
Снх: ӘДІЛЕТ САНСЫЗБАЙ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ
Жиын соңында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға ерекше үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды. Бұл белсенділердің еңбегін бағалауға бағытталған дәстүрлі рәсім.