Жеңістің 80 жылдығынан бастау алған игі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Петропавлдықтар соғыс жылдары жергілікті госпитальдарда қайтыс болған жауынгерлер жерленген зират басында ауқымды сенбілік өткізді. Мүсірепов көшесіндегі бұл жерлеу орны Петропавл қаласының тарихи жадындағы айрықша орын. Мұнда соғыс өрті шарпыған жылдары Солтүстік Қазақстандағы эвакуациялық госпитальдарда көз жұмған 400-ден астам жауынгер мен офицер жерленген.
Бұл жолғы іс-шараның ауқымы ерекше. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңында өткен акцияға 100-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында әскери қызметшілер, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, М. Қозыбаев атындағы университет студенттері, «Amanat» партиясы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, зиялы қауым өкілдері бар.
Снх: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қала әкімдігінің жоспары бойынша, алдағы уақытта бұл орын толық реформаланбақ. 40 жыл бойы санитарлық нормаларға сай күтілмеген нысан енді заманауи ескерткіш кешеніне айналады. Ал Петропавл халқының атынан Қызыл Әскер жауынгерлеріне арналған зәулім монумент бой көтермек.
Снх: БАЙЖАН ӘБДІРОВ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Осылайша, батырлар рухына тағзым ету іс-шарасы тек тазалықпен шектелмей, қаланың тарихи келбетін айшықтайтын үлкен жобаға ұласып отыр.