Күн жылына бастағаннан-ақ қала көшелерінде велосипед пен самокаттың қатары көбейді. Балалар үшін бұл – нағыз белсенділік маусымы. Дегенмен, дәл осы кезеңде жол қауіпсіздігі мәселесі ерекше назарға алынады. Бағдаршам, жол ережесін сақтау – басты талап. 

Көктеммен бірге қала көшелері қайта жанданды. Балалардың қуанышты дауысы, самокаттың зуылы мен велосипедтердің қозғалысы – барлығы көктемгі белсенді өмірдің белгісіндей. Алайда осы көңілді көріністің артында қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттілігі бар. Осы орайда прокуратура, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы, сондай-ақ Петропавл қалалық білім бөлімінің мамандары бірлесіп, бірқатар профилактикалық іс-шараларды өткізуде.

СНХР: АНДРЕЙ БЕССОНОВ – СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Жол полициясы өкілдерінің айтуынша, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары әлі де өзекті мәселе болып отыр. Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

СНХР: БАХТИЯР ДОЩАНОВ – ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Жалпы іс-шараға шамамен 210 адам қамтылды. Айта кетейік, мұндай түсіндіру жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізіліп жатыр.