Оқушылар сарайында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі сапаны арттыру мақсатында оқыту семинары өтті. Басқосу жергілікті атқарушы органдардың мамандарына арналған. Онда қатысушылар «KazRoadLab» цифрлық жүйесінде жұмыс істеу жолдарын меңгеріп, жол құрылысына қатысты ведомстволық сараптама жүргізу және автомобиль жолдарының сапасын диагностикалау тәсілдері бойынша жан-жақты ақпарат алады.

Іс-шарада автомобиль жолдарының сапасын бақылау, құрылыс және жөндеу жұмыстарына қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ саланы цифрландыру жүйелерін енгізу мәселелері қаралды. Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, жол құрылысы сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдермен танысты.

ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Семинар барысында мамандарға жол құрылысы сапасын бақылаудың заманауи тәсілдері таныстырылды. Атап айтқанда, «KazRoadLab» цифрлық жүйесі арқылы жол материалдарын тексеру, үлгі алу және зертханалық сынақтан өткізу үдерістері көрсетілді.

ХАИРБАЙ СӘДУАҚАСОВ, ОРТАЛЫҚ АППАРАТТЫҢ ВЕДОМСТВОЛЫҚ САРАПТАМА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ

Мамандардың айтуынша, бұл бастама жол сапасын арттыруға және саланың ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.