Солтүстік Қазақстандағы Манаш Қозыбаев атындағы университетте экологиялық ағарту бағытындағы «Суды үнемде — болашақты сақта» атты эко-сағат өтті. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған шара еліміздің барлық өңірінде бір мезетте өткізіліп, қоғам назарын су ресурстарын сақтау мәселесіне аударуды мақсат етті. Игі бастамаға студенттер, оқушылар, ұстаздар мен сала мамандары қатысты.

Эко-сағат аясында қатысушыларға Қазақстандағы су ресурстарының қазіргі жағдайы, экологиялық өзгерістер мен суды тиімді пайдаланудың маңызы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына жас зерттеушілердің еңбектері ұсынылды.

СНХР: ӘНУАР ӨСКЕНБАЕВ «ҚАЗСУШАР» ШЖҚ РМК БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Іс-шара барысында сала мамандары су қауіпсіздігі, климаттық өзгерістер және тұрақты даму бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

СНХР: ӘДІЛХАН ТӨЛЕПБЕРГЕН – М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА МҮШЕСІ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастардың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастырып, экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.