Өңірде республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акция ұйымдастырылды. Басты мақсат – жастарды қоршаған ортаны аялауға, туған қаланың тарихы мен мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Игі бастамаға қала жастары, еріктілер мен белсенді азаматтар қатысты. Олар Анастасия Прокопичева ескерткішінің аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

СНХР: ОЛЕСЯ РЫБАКОНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ