Бүгінгі таңда балалардың терезеден құлауы тұрмыстағы балалар жарақаты мен өлім-жітімінің негізгі себептерінің бірі болып қалып отыр. Жыл басынан бері республика бойынша терезеден құлау бойынша 58 жағдай тіркеліп, соның салдарынан 6 бала қаза тапты.

Ал, облыс аумағында соңғы бір айдың өзінде ересектердің бақылауының жеткіліксіздігі салдарынан 3 жағдай тіркеліп, 3 бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Терезенің жанына бала шығып кетуі мүмкін орындық, үстел сияқты жиһаздарды қоймау қажет. Ашық терезе балалар үшін өте қауіпті екенін естен шығармаған жөн.

СНХ: ӘСЕТ ШАЙКИН – СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ