Петропавлдағы Креатив орталығында Дүниежүзілік шығармашылық және инновациялық қызмет күніне орай өңірлік кәсіби бағдарлау «ProFuture: болашақ мамандықтар форумы» өтті. Іс-шара креативті индустриямен өз кәсіби жолын байланыстыруды қалайтын жастарға бағытталды.

Форум екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және жастар мен кәсіби қауымдастық арасындағы диалогтың маңызды алаңы ретінде өзін дәлелдеді. 2026 жылы ол Дүниежүзілік шығармашылық және инновациялық қызмет күніне орай ұйымдастырылып, XXI ғасырда сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

ЗАКИРЖАН МАМЛЮТОВ, ФОРУМ МОДЕРАТОРЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

Форум креативті индустрия, IT-сектор, білім беру ұйымдары және бизнес өкілдерін біріктірді. Қатысушылар сарапшылармен тікелей сөйлесіп, қазіргі заманғы мансаптық бағыттар мен өзекті кәсіби салалар туралы білу мүмкіндігіне ие болды.

ТАТЬЯНА ВЕРЕМСКАЯ, КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ

МАТВЕЙ ИВАНОВ, ОҚУШЫ

Мамандық таңдау – әр адам үшін күрделі әрі жауапты қадам. Форум қорытындысы бойынша жастардың креативті индустриялар мен цифрлық технологиялар саласындағы мүмкіндіктер туралы ақпараттану деңгейі артады деп күтілуде.