Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев транзиттік әлеуетті арттыру мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету елдің басты басымдықтарының бірі екенін атап өткен болатын. Осы орайда облысты Ресеймен байланыстыратын автожолды қайта жаңарту жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған. Ұзаққа созылған жол құрылысы осы жылы пайдалануға берілмек. Қандай магистральдар іске қосылады?
Челябі–Новосібір автожолы учаскесін қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылы басталған. Алайда 2022 жылы сенімсіз мердігермен жасалған келісімшарт бұзылып, содан бері бұл бөлікте басқа ұйым жұмыс істеп жатыр.
СНХ: ТАЛҒАТ СМАҒҰЛОВ – «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, күш те, ресурс та, қаржыландыру да жеткілікті. Асфальт-бетон зауыты, құрылыс қалашығы және барлық қажетті материалдар бар. Шекараға дейін шамамен 800 метр қалды.
СНХ: ЗЕЛИМХАН МАХАУРИ – «КАЗСТРОЙТЕХНИК» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Нысанды биылғы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. Орташа жөндеу аясында өңірде 12 жоба жүзеге асырылып жатыр, олар 330 шақырымнан астам жолды қамтиды. Оның ішінде Петропавл қаласын айналып өтетін 30 шақырымнан астам жол учаскесі бар.