Петропавл тұрғынынан жарты келіге жуық гашиш тәркіленді. Медициналық куәландыру нәтижесінде ұсталған адамның есірткілік мас күйде болғаны анықталды. 

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер есірткі сату күдігімен 57 жастағы петропавл тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ер адам тыйым салынған заттарды «қолдан қолға» өткізіп келген.

Ұстау кезінде одан гашиш салынған 3 түйіншек тәркіленді. Тұрғылықты жерін тінту барысында сатуға дайындалған қосымша есірткі партиялары, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған қолдан жасалған құралдар табылды.

СНХР: Алмаз Жәкенов — СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 96 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Заңсыз айналымнан шамамен 12 килограмм есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 7,5 килограмы — синтетикалық. Есірткінің таралу арналарының жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.