Қызылжар ауданында білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланған аудандық білім бөлімі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бескөл ауылындағы №3 мектептің базасында ұйымдастырылған іс-шарада педагогтардың тәжірибесі, цифрландыру және оқушылардың жазғы демалысы сынды маңызды тақырыптар қозғалды.

Кеңестің алғашқы бөлімі практикалық бағытта басталды. «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өткен ашық сабақтарда «Еңбек адамы» тақырыбы негізгі өзекке айналды. Аттестаттаудан өтуге өтінім берген ұстаздар өз әріптестеріне, атап айтқанда мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілеріне шеберлік сағаттарын көрсетті. Бұл білім сапасын облыстық деңгейде саралап, үздік әдістемелерді таратудың бір жолы.

СНХ: АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Кеңестің 2-ші кезеңінде пленарлық отырыс өтті. Жалпы СҚО білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталықтың директоры Роза Сәркен аудандағы білім сапасын жоғары бағалады.

Снх: РОЗА СӘРКЕН, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Білім ордасы барлық заманауи құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Айта кетейік, Бескөлдегі №3 мектеп өткен жылдың қорытындысы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысының ең үздік орта білім ұйымы» номинациясын жеңіп алған болатын. Жеңіске берілген 68 млн теңгенің сертификатына 4 жаңа кабинет ашылып, 7 интерактивтік панель алынған.

Снх: АЙНҰР СӘРСЕНОВА, №3 БЕСКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Мектеп жыл сайын жақсы көрсеткіштерге жетіп жатыр. Оның дәлелі ҰБТ. Оқушылардың 90-95 пайызы грант иегерлері. 400 ден астам оқушының жақсы нәтиже көрсетуі үшін мектепте 62 мұғалім табанды еңбек етіп келеді.