«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған ауқымды бизнесті дамыту турын бастады. Жоба аясында еліміздің 17 қаласында тегін кездесулер өткізуде. Бастама шағын және орта бизнесті қолдап, кәсіпті жаңа деңгейге шығаруға бағытталған. Солтүстік Қазақстан облысында өткен жиында қатысушылар тәжірибе алмасып, бизнесті дамыту жолдарын талқылады. 

Аталған бастама Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Кездесуде сарапшылар филиал ашу, жаңа нарықтарға шығу және бизнестің ауқымын кеңейту жолдарын түсіндіруде. Сондай-ақ қатысушыларға бизнес-процестерді жүйелеу, есеп жүргізу мен басқару құралдары таныстырылуда.

СНХР: ЗАРИНА МАВЛЯНИ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ФРАНЧАЙЗИНГ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жиында бизнесті кеңейту кезінде сапаны сақтау мен тиімді басқару мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, арнайы эксперттер кәсіпкерлерге табыс пен шығынды есептеуге арналған арнайы кесте ұсынып, қаржылық сауаттылықты арттыратын тиімді тәсілдермен бөлісті.

СНХР: ЕЛЕНА УЗНАЕВА, «UNB CONSULTING» ЖШС САРАПШЫСЫ

Сондай-ақ, мұндай жоба бизнес саласына енді қадам басқан кәсіпкерлерге өз ісін дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын тиімді алаңға айналып отыр.

СНХР: ЗАРИНА ӘБІЛДАЕВА, «QAZGO» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Мұндай кездесулер кәсіпкерлер үшін тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестіктер орнатуға мүмкіндік береді. Айта кеткен жөн, жоба 4 мамырға дейін жалғасады.