Солтүстік Қазақстан облысында нейрохирургия саласында жаңа әдіспен бірегей операция жасалды. Көпсалалы облыстық аурухананың дәрігерлері МӘМС аясында алғаш рет «OLIF» әдісімен омыртқааралық грыжаны алып тастап, дискіні протездеді. Бұл күрделі ота еліміздің санаулы қалаларында ғана жасалатын. Енді Петропавл бұл тізімдегі бесінші қала болып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, бұл әдіс барлық емделушіге бірдей қолданыла бермейді. Әр жағдай мұқият іріктеуден өтеді. Мамандар бұл бірегей отаны алдағы уақытта облыс орталығында тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
БАЛХАР ШАТУЕВ, НЕЙРОХИРУРГ
ЕЛЕНА КОЛОСОВА