«Қазгидромет» СҚО филиалының мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте Сергеев су қоймасында су деңгейі 878 см құрады, жотасынан төгілу деңгейі – 78 см. Ал Петропавл су қоймасында соңғы күндері су төмендеп, 805 сантиметрді құрады. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл аудандарында өзен көлдерде су деңгейінің төмендеуі жалғасуда. Ал Ғ.Мүсірепов атындағы аудан мен Шал ақын ауданында Ақмола облысынан келетін су ағынына байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады.