«Қазгидромет» СҚО филиалының 21 сәуір күні сағат 8:00-дегі мәліметіне сәйкес Сергеев су қоймасында су деңгейі 884 см құрады. Ал Петропавл су қоймасында 793 сантиметрге төмендеген. Гусаковка ауылы маңындағы Бабық Бұрлық өзенінде су деңгейі 2 см түскен. Сергеев қаласы мен Дружба ауылы маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі 66 см көтерілген. Сергеев су қоймасында судың бөгет жотасынан төгілу деңгейі 84 см. Ал Шоптыкөл ауылы маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі 53 см артқан. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл аудандарында өзен көлдерде су деңгейінің төмендеуі жалғасуда. Ал Ғ.Мүсірепов атындағы аудан мен Шал ақын ауданында Ақмола облысынан келетін су ағынына байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады.