Петропавлда Ақмола облысының азаматынан 200-ден астам бір реттік «синтетика» дозасы тәркіленді. Ұсталған азамат еш жерде жұмыс істемейді. Психатроптық заттарды жасырын орындар арқылы таратумен айналысқан.

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын өткізді деген күдікпен Ақмола облысының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жас жігіт бір айға жуық уақыт психотроптық заттарды «жасырын орындар» арқылы таратумен айналысқан.

Полицейлер күдіктіні Петропавл қаласындағы Набережная көшесінде ұстады. Одан көзілдірік қорабынан ұнтақ тәрізді зат салынған 14 орама және қалтасынан тағы 60 орама тәркіленді.

Руслан Үмбетов — СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы

Осылайша полицейлер 200-ден 250-ге дейін бір реттік қауіпті есірткі дозасының заңсыз айналымға түсуінің жолын кесті. Медициналық куәландыру күдіктінің психотроптық заттарды қолданғанын көрсетті. Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу жүргізілуде.