Петропавл қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10–11 сынып оқушылары арасында ағылшын, неміс және француз тілдері бойынша республикалық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті. Олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысып, оқушыларға сәттілік тілеп, олимпиаданың жабылуымен құттықтады. Ол өз сөзінде білім додасына қатысқан барлық оқушыларға алғысын айтып, олардың жетістіктері алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдірді.

СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Зияткерлік сайыс еліміздің түкпір-түкпірінен қоғамдық-гуманитарлық бағытты таңдаған үздік оқушыларды біріктірді. Олимпиада білімді сынап қана қоймай, тәжірибе алмасуға, тілдік дағдыларды дамытуға және қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді.

СНХР: МЕДЕТ ЖАМБАЕВ, «ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Қатысушылардың айтуынша, тапсырмалар оңай болған жоқ. Олар тек грамматика мен лексиканы ғана емес, сонымен қатар ойлау, талдау және шет тілінде еркін сөйлеу қабілеттерін талап етті.

СНХ: ҰЛАН ЕРАЛИЕВ, ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫСЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Олимпиада қорытындысы бойынша 74 қатысушы марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Көптеген қатысушылар үшін бұл кезең болашақ мамандыққа бастар жолдағы маңызды қадам әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.