Ағаштар қанша жыл өмір сүреді? Неліктен Петропавлдың орталығындағы ағаштар кесіліп, ал басқалары арнайы тәлімбақтарда өсіріледі? Бұл сұрақтардың жауабын Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ ғалымы, дендролог Тимур Зверяченко біледі. Орманшының арманы – солтүстіктің қатал климатына - маньчжур өрігі мен канадалық фундукты жерсіндіру.
Бескөл ауылының іргесінде шағын жылыжайда Тимур Зверяченко бастаған ғалымдар тобы қарағай мен сәндік ағаштарды, тіпті жеміс дақылдарын жеделдетіп өсірудің тың технологиясын сынақтан өткізуде.
СНХР: ТИМУР ЗВЕРЯЧЕНКО, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ДОЦЕНТІ, БИОЛОГ-ҒАЛЫМ
Ал мынау - Kozybayev University зерттеу алаңындағы тәжірибелік екпелер. Мұнда ғылыми тәсіл мен өсімдіктердің ауа райына төзімділігі өте маңызды. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын егілген алты шетелдік қылқан жапырақты ағаштың тек екеуі ғана жерсініп кеткен.
СНХР: ТИМУР ЗВЕРЯЧЕНКО, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ДОЦЕНТІ, БИОЛОГ-ҒАЛЫМ
Петропавлда ескі және ауру ағаштарды кезең-кезеңімен кесіп, олардың орнына климатқа төзімді жаңа түрлер отырғызылып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл тек жасыл желекті сақтау емес, сонымен қатар қаланың биологиялық әралуандығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, апатты ағаштар тұрғындар үшін қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты қала орталығындағы жаяу жүргіншілер көшесінде жүргізіліп жатқан қайта жаңарту жұмыстары аясында ескі ағаштарды кесу де жоспарланған.
СНХР: ТИМУР ЗВЕРЯЧЕНКО, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ДОЦЕНТІ, БИОЛОГ-ҒАЛЫМ
Жақында Бескөлдегі шағын жылыжай жаңа орынға көшіріледі. Қызылжар ауданының әкімдігі ескі әуежай маңынан жасыл желектер үшін 19 гектар жер бөлді. Демек, тәлімбақ аумағы кеңейіп, ғылыми зерттеулер өз жалғасын табады.