Петрорпавлда полиция қызметкерлері Жеңіс саябағын қоқыстан тазартты. Аталған аумақтан үш жүк көлігі қоқыс шығарылды. Сенбілікке барлығы бес жүзге жуық тәртіп сақшысы қатысты.
Петропавлдағы Жеңіс саябағы жаңарып, көркейе түсті — мамыр мерекелері қарсаңында мұнда шамамен бес жүзге жуық полиция қызметкері сенбілік өткізді. Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірін тазартуға кезекшілікке тартылмаған барлық қызметкерлер қатысты.
Саябақтың 85 мың шаршы метр аумағы учаскелерге бөлінді. Жеке құраммен бірге қоғамдық жұмысқа Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің және Петропавл қ. полиция басқармасының басшылығы да қатысты. СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Абай Жүсіпов сенбілік өткізілетін орын кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті: іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып, алдағы көктемгі мерекелерге, оның ішінде Жеңіс күніне арналды.
СНХР: ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН — СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Тәртіп сақшылары қыс бойы жиналған жүздеген қап қоқысты жинап, сыртқа шығарды. Бұл жұмыстарға үш ауыр жүк көлігі мен екі тиегіш техника жұмылдырылды. Полицейлер қала және облыс тұрғындарын өз үлестерін қосып, елді мекендерді абаттандыруға қатысуға және Жеңіс сарбаздарының ерлігін еңбектерімен құрметтеуге шақырады.