Бүгін №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде заманауи технология кабинеттері салтанатты түрде пайдалануға берілді. Жаңа оқу кеңістіктері оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамытып, қыздардың тігін және аспаздық шеберлігін шыңдауына толық жағдай жасайды. Бұл қадам «Адал Азамат» тұжырымдамасы аясында еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың негізі болмақ.
Жаңадан ашылған технология кабинеттері - оқушылардың теориялық білімін нақты тәжірибемен ұштастыратын заманауи мүмкіндіктер алаңы. Мұндағы жоғары технологиялық жабдықтар балалардың инженерлік ойлауын дамытып, болашақ мамандығын мектеп қабырғасында-ақ еркін меңгеруіне жол ашады. Енді оқушылар тек кітаппен шектелмей, ең соңғы үлгідегі құрылғыларда жұмыс істеп, техниканың қыр-сырын іс жүзінде меңгереді.
ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бойжеткендерге арналған кабинетте тігін шеберханасы мен заманауи кулинария аймағы толық жабдықталған. Мұнда оқушы қыздар киім үлгілеуді, тігін ісін және ас дайындаудың қыр-сырын нақты тәжірибе жүзінде үйренеді. Мұндай сабақтар қыздарды нағыз ептілікке баулып, болашақ өмірге қажетті пайдалы дағдыларды қалыптастырады. Ашылу салтанатына мектептің әр жылдардағы бітіріп кеткен түлектері арнайы келді.
АНДРЕЙ АНИСИМОВ, Б.ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Жаңа кабинеттердің ашылуы - мектептің материалдық базасын нығайтып, білім сапасын жаңа деңгейге көтерді. Бұл қадам оқушыларды заманауи еңбек нарығына бейімдеп, «Адал азамат» құндылықтарын іс жүзінде дәріптеуге мүмкіндік береді. Енді мектеп қабырғасында-ақ нағыз тәжірибеге бағытталған білікті мамандар буыны тәрбиеленбек.