Айыртау ауданында «Таза аула» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Игі іс-шара барысында аулалар мен көшелер тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Қоғамдық орындар ретке келтіріліп, аудан келбеті жаңара түсті.

азалық іс-шарасы аудан әкімдігінің бастамасымен өтті. Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдары және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде аулалар қоқыстан тазартылып, айналасы абаттандырылды.

СНХ: ДАНИЯР БЕСТАЕВ, ВОЛОДАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Айыртау жастары мұндай экологиялық бастамалардан қалыс қалмайды. Жастар ресурстық орталығы жыл сайын жалғызілікті қарттар мен әлеуметтік осал топтағы жандарға көмек көрсетіп келеді. Бұл жолы да олар тазалық жұмыстарымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

СНХ: ГАЛИНА ВИНОКУРОВА, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖЕТЕКШІСІ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ.

СНХ: КИРИЛЛ ЖУПИКОВ, СТУДЕНТ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар тек тазалықты сақтауға ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Алдағы уақытта бұл игі бастама өз жалғасын табады.