Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының №3 қосалқы аймағында жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты. Бұл жер облыстың негізгі өнеркәсіптік алаңы ретінде қалыптасып, инвесторлар үшін тартымды инвестициялық орталыққа айналып отыр. Бүгінде қосалқы аймақ қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етілген, автомобиль жолдарының құрылысы жалғасып жатыр.
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында қазіргі таңда 21 қатысушы тіркелген. Оның ішінде 6 жоба іске қосылып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар жалпы құны 368,6 млрд теңгені құрайтын тағы 15 инвестициялық жоба құрылыс кезеңінде.
СНХ: НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ал, шілде айында «Бейкертон» ЖШС жылына 15 мың тонна донат өндіретін зауытты іске қосылмақ. Кондитерлік өнімдер шығаратын зауыттың құрылысы 2024 жылдың 3 тоқсанында басталған. 1 қабатты кәсіпорын ғимаратының жалпы ауданы шамамен 16 мың м2.
Қытайлық «QILU Agro» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобасын іске асыруда. Қазіргі таңда алғашқы өндірістік корпус толық аяқталған, ал екінші корпустың құрылысы мамыр айында басталмақ. Сонымен қатар «QILU» брендімен қуаты 100-ден 500 ат күшіне дейінгі алғашқы 10 трактор құрастырылып шықты.
Отандық инвестор «Радуга» ЖШС жүзеге асырып жатқан «ECO GLADE» компост зауытының құрылысы аяқталу кезеңіне жақындады. Толықтай автоматтандырылған кәсіпорын жақын уақытта өз жұмысын бастайды.
«Гофропак» ЖШС «Техноэкопарк» жобасы аясында жаңа өндіріс орнын қалыптастыруда. Кәсіпорын жылына 16 мың тоннаға дейін қағаз өнімдерін шығаруға қауқарлы заманауи фабрика салуды қолға алған. Ал, қазан айында «Агрофирма Есильская» ЖШС жоңышқадан түйіршіктелген жем өндіретін зауытты іске қоспақ.
Сондай-ақ, маусым айында «KazHemp» ЖШС жылына 1 000 тонна ағаш массасы мен целлюлоза өндіретін зауытты ашылады.
Өңір әкімі жобалармен танысып, өзекті мәселелер туралы сұрап, олардың орындалу барысын бақылауға алды. Сондай-ақ жұмыстарды одан әрі күшейтіп, жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.