Петропавлда киім өндірісі саласында жергілікті брендтер тұрақты дамып келеді. Солардың бірі – SENS компаниясы. Кәсіпорын мектептермен тығыз жұмыс істеп, оқушыларды белгіленген талаптарға сай және күнделікті қолдануға төзімді мектеп формасымен қамтамасыз етуде. 

Кәсіпорын директорының айтуынша, компания трендтерге емес, жүйелі жұмыс пен тұтынушылар сеніміне басымдық береді. Әсіресе, материал сапасы мен практикалық қолданысқа ерекше мән беріледі. Өнімдер күнделікті киюге есептелген. Бұл мектеп формасы үшін аса маңызды, өйткені оның басты талаптары – төзімділік пен қолайлылық.

СНХР: СЕРГЕЙ СОКИРКО, ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Мектеп формасы – жай ғана киім емес, оқушылардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Сондықтан оған ерекше талаптар қойылады: ыңғайлы, берік және ұзақ уақыт киілгеннің өзінде ұқыпты сыртқы келбетін сақтауы тиіс. Ассортиментте мектеп талабына сай формалар бар. Айталық, пиджак, шалбар, белдемше, сарафан және жилеттер.

СНХР: ЕЛЕНА КИРЬЯКОВА, ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл өндірістің әр кезеңінде өз ісінің мамандары еңбек етеді. Солардың бірі – Юлия Рудковская. Ол тігін саласына 14 жылын арнаған. Айтуынша, бұл мамандықтағы ең маңыздысы – өз ісіңді сүю.

СНХР: ЮЛИЯ РУДКОВСКАЯ, ТІГІНШІ

Кәсіпорын өңірдегі барлық мектептермен, сондай-ақ басқа облыстардағы оқу орындарымен де ынтымақтастық орнатқан. Компания алдағы уақытта да осы бағытта дамуды жоспарлап отыр.