Петропавл қаласында суретші, ҚР суретшілер одағының мүшесі Гүлжанат Қабижанованың жеке көрмесі ашылды. Ол киізден тамаша туындылар жасап, Батик өнерін дамытып келеді. Ол киізді тек материал деп қарамай, оны халқының тарихи төлтумасы ретінде санасына сіңіре білген.    

Гүлжанат Қабижанованың еңбектері Қазақстанның музей қорларында, сондай-ақ еліміз бен шетелдегі жеке коллекцияларда сақтаулы. Автор тек станоктық жұмыстармен ғана шектелмей, дизайн және заманауи киім үлгісі саласында да еңбек етіп, қазағымыздың ұлттық өнеріне жақын киіздің қолданылу аясын кеңейтіп келеді.

ГҮЛЖАНАТ ҚАБИЖАНОВА – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

Көрмеде декоративті-қолданбалы өнер, кескіндеме және дизайн элементтерін тоғыстырған отызға жуық авторлық туынды ұсынылған. Барлық жұмыстар жүннен дәстүрлі киіз басу технологиясы арқылы жасалған. Дегенмен автор оларды заманауи көркемдік тұрғыда қайта жаңашалаған.

ВАРВАРА КАРАБАЛИНА – ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ

Дәстүр мен замануи шығармашылық ізденіс тоғысқан бұл көрмені солтүстікқазақстандықтар бір ай бойы Петропавлдағы «Ботай» ART-галереясында тамашалай алады.