Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкімдік, ТЖД мен ауа райын болжау орталығы өкілдері тың деректерді, су тасқынынан елді мекендерді қорғауда атқарылып жатқан сақтық шаралары жайында баяндады.

Облысты су тасқынынан қорғауда 37 іс-шараны қамтитын инженерлік жоспар іске асырылды. Оның барысында Есіл өзенінің негізгі салаларының екі шақырымнан астам арналары тазартылып, жалпы ұзындығы 23 шақырым болатын 13 қорғаныс бөгеті салынып нығайтылған. Автокөлік қатынасын реттейтін күре жолдарда 10 су өткізу құбылрлары орнатылып, елді мекендерді тасқыннан қорғауда жалпы ұзындығы 105 шақырымнан асатын 60 бөгет тұрғызылды.

СНХ: СЕРІК ГАЙСИН-СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 

Наурыздың 16 мен 30 наурыз аралығында Петропавлда және облыстың жеті ауданында су тасқыны қаупі бар 42 учаскеде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Есіл өзенінің бассейніне, көлдерге, су қоймаларына және қар қорларына аэровизуалды тексеру жүргізілді. Су басуға бейім 112 елді мекен бақылауға алынды. Облыстық төтенше резерв 6,9 миллиард теңге көлемінде бекітілді.

СНХР: ӘСЕТ ШАЙКИН-СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ 

Шағын өзен-көлдердегі су деңгейінің шыңы 2-3 сәуірде болды. Қызылжар ауданында су тасқынының алғашқы толқыны өтіп жатыр. Петропавлда 19-20 сәуірде болады деп күтілуде. Айдың үшінші онкүндігінің басында Сергеев су қоймасында екінші толқынның шарықтау шегі болады деп болжануда. Ол облыс орталығына шамамен 1 мамырға дейін жетуі мүмкін.

СНХР: НАТАЛЬЯ ЛЕВИНА – "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Соған қарамастан, облысымызда су деңгейінің өсуі сақталуда. Есіл өзеніндегі су деңгейі жекелеген учаскелерде қауіпті белгілерден асып түседі. Борки кентінің маңында ол 940 сантиметрге көтеріліп, су айналма жолдың үстімен аға бастаған. Мамандар оны Ақмола облысынан келіп жатқан нөпір сумен байланыстырып отыр. Мониторинг жалғасуда, жағдай шұғыл қызметтердің бақылауында.