Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ақын, «Память» қоғамдық қорының негізін қалаушы, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Болат Сағындықовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Есімі ел есінде» атты еске алу кеші және «Мінезімен өрілген тағдыр» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мерейтой иесінің туыстары мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеш барысында жиналғандар Болат Сағындықовтың өмір жолы мен еңбегі туралы естеліктерімен бөлісті. Ол саналы ғұмырын елге қызмет етуге арнап, түрлі салада еңбек етті. 10-ға жуық кітаптың авторы атанған қаламгер жастайынан ізденімпаз болған. Өмірінің соңында жарына барлық шығармалары мен жазбаларын жинақтауды аманат етіп, артында өшпес мұра қалдырған. Сол мұра негізінде жинақталып, «Мінезімен өрілген тағдыр» атты кітаптың тұсауы кесілді. Жинақта ақынның арман-ойлары, ата-анасына арнаған өлеңдері де қамтылған.
СНХР: КҮННӘР ҚАБДӨШЕВА, БОЛАТ САҒЫНДЫҚОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ
Болат Сағындықов әр жылдары партия органдарында қызмет атқарып, совхоздарды басқарды, Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды иеленді. Сонымен қатар, қала орталығында мемориалдық кешеннің салынуына бастамашы болып, «Память» қоғамдық қорын құрды.
СНХР:ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Осылайша, еске алу кеші тұлғаның өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған. Оның еңбегі ел жадында сақталып, кейінгі буынға үлгі болып қала бермек.