Қазақстанда дәстүрлі садақ ату спорты қарқынды дамып келеді. Арнайы клубтар ересектер мен балаларға арналған жаттығулар ұсынады. Осындай орталықтардың бірі Петропавл қаласында да жұмыс істейді. Мұнда нұсқаушылар қатысушыларға дұрыс техниканы меңгертіп, мергендікті дамытуға көмектеседі.
Клубтың басты мақсаттарының бірі – ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау, сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мұнда ешқандай нысана көздейтін құралдар, лазерлер қолданылмайды. Барлығы мергеннің қырағы көзіне, нық қолына және ішкі тепе-теңдігіне байланысты. Қазіргі таңда клубқа 50-ден астам адам қатысады.
ЖАСҰЛАН ҒАББАСОВ, СҚО ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Дәстүрлі садақ ату – тек қызықты хобби ғана емес, сонымен қатар дене мен ойды қатар дамытатын кешенді жаттығу. Бұл спорт түрі жыл өте кеңінен танымал бола түсуде. Шадияр Рамазанов бір жылдан бері садақ атумен айналысады. Оның айтуынша, бұл тек бұлшық етті емес, зейінді де дамытатын ерекше спорт түрі.
ШАДИЯР РАМАЗАНОВ, КЛУБ ҚАТЫСУШЫСЫ
Мұндай жаттығулар ұлттық мұраны сақтауға мүмкіндік береді. Дәстүрлі садақ ату – жай ғана спорт емес, ол – өткен мен бүгінді жалғаған рухани байланыс.