Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жаңа әдістерді қолдануда. Олар Бескөл ауылы маңындағы ипподром тұсында орналасқан «Жезқазған — Петропавл» автожолының қарқынды учаскесіне ақ-сары түсті белгілер орнатты.
Республикалық маңызы бар автожолдар — қауіптілігі жоғары аймақ. Облыс аумағында жыл басынан бері тіркелген әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы дәл осы жолдарда орын алған: 100 Жол көлік оқиғасы-ның 19-ы зардап шеккендермен тіркелген. Жалпы, үш ай ішінде облыс жолдарында 15 адам қаза тапқан, оның 13-і тасжолдарда болған. Жаңа әдіс жүргізушілердің назарын арттыруға, тәртіпті күшейтуге, жылдамдықты асыру мен агрессивті жүргізуді болдырмауға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі. Тәртіп сақшылары автокөліктерді тексеріп, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізді.