Облыс орталығында 5-6 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Зияткерлік сайысқа өңір бойынша 115 оқушы қатысты.
Білім бәйгесін облыстық білім басқармасы мен «Қызылжар дарыны» орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – математикаға бейімі жоғары дарынды оқушыларды анықтап, оларды қолдау, сондай-ақ логикалық ойлау мен күрделі есептерді шешу қабілеттерін дамыту.
СНХР: ИЛЬВИРА ИЛЬЯСОВА, «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ӘДІСКЕРІ
Ақжар ауданынан келген Салтанат есепке жүйріктігін бұған дейін-ақ дәлелдеген. Ол түрлі білім бәйгелерінде бақ сынап, жүлделі орындарға ие болған.
СНХР: САЛТАНАТ ҚАЙЫРГЕЛДІ, АҚЖАР АУДАНЫ, ҮЛГІЛІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 5-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Айта кету керек, «Алтын сақа» олимпиадасы еліміздің барлық өңірлерінде қатар ұйымдастырылып жатыр.