Қызылжар ауданы, Бәйтерек ауылындағы Бәйтерек орта мектебінде халықаралық жарыстан жүлдемен оралған жас спортшыны салтанатты түрде қарсы алды. 49 келі салмақта белдескен Аружан Талғатбек Түркияның Анталия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы «VICTORY CUP» халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды. 12-14 сәуір аралығында өткен жарысқа 22-ден астам елдің спортшысы қатысқан. Жүлделі орынға ие болған спортшыны туған-туыстары мен ұстаздары зор құрметпен күтіп алды. 

Аружан Талғатбек Түркияда өткен халықаралық турнирде еліміздің намысын қорғады. Ол еркін күреспен 6 жылдан бері айналысып келеді. Жас спортшының бұл жолды таңдауына отбасындағы спортқа деген қызығушылық, атап айтқанда атасының күреспен айналысқаны әсер еткен.

СНХР: АРУЖАН ТАЛҒАТБЕК, «VICTORY CUP» ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Кең ауқымды халықаралық жарысқа дайындық бір айға созылды. Осы уақыт аралығында ол тыңғылықты жаттығып, өз деңгейін көрсете білді. Бапкерінің айтуынша, қарсыластарының барлығы әлемдік деңгейдегі мықты спортшылар болған. Соған қарамастан, үшінші орынға қол жеткізу – үлкен жетістік.

СНХР: НҰРБОЛАТ ХАЛМҰРАТОВ, БАПКЕР

Ұстаздардың сөзінше, Аружан тек спортта ғана емес, оқуда да үздік. Мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысып, осындай жетістігімен қатарластарына үлгі болып келеді.

СНХР: ДӘРИЯ КӨКСЕГЕНҚЫЗЫ, БӘЙТЕРЕК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Айта кетейік, Аружан Талғатбек алдағы уақытта Бішкек қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатына қатысуға ниетті.