Елімізде республикалық бюджет есебінен 21 инфекциялық және паразиттік ауруға қарсы міндетті профилактикалық егулер жүргізіледі. Вакцинация егілетін адамның ақпараттандырылған келісімімен жүзеге асырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов мәлімдеді.

2012 жылдан бастап жыл сайын сәуір айының соңғы аптасында атап өтілетін Еуропалық иммундау апталығы барлық жастағы адамдарды вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулардан қорғауда иммундаудың өмірлік маңызын насихаттауға бағытталған. 2026 жылы Еуропалық иммундау апталығы 19–25 сәуір аралығында «Вакциналар ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен өтеді. Бұл науқан вакцинацияның көптеген жылдар бойы адамдарды, отбасыларды және тұтас қоғамдарды қауіпсіз қорғап келгенін, әрі болашақта да қорғауды жалғастыратынын еске салады.

Снхр: АРМАН КҮШБАСОВ – СҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ