Қызылжар ауданында су деңгейі әлі де көтеріледі деп күтілуде. Ақмола облысынан келетін ағынның әсерінен Ғабит Мүсірепов және Шал ақын аудандарында су деңгейінің артқаны байқалады.

Петропавл қаласының маңында да су деңгейі қауіпті шекке жетті. Борки кентінің маңында су жайылмаға шығып, автожолдарды су басу қаупі бар. 16 сәуірдегі жағдай бойынша, Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан су деңгейі 64 сантиметрді құрады.