Солтүстік Қазақстанда полицейлер мен еріктілерге адам өмірін сақтап қалуды үйрену жөнінде практикалық сабақ өтті.
Петропавлда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері, сондай-ақ студент-еріктілер үшін алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық семинар өтті. Сабақты тәжірибесі мол облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы директорының орынбасары Владимир Жужгов өткізді.
Заманауи жабдықталған аудиторияда көптеген манекендердің көмегімен қатысушылар тыныс алу мен жүрек қызметі тоқтаған кездегі әрекеттерді пысықтап, зардап шегушінің жағдайын жедел бағалауды және жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуді үйренді. Сабақ барысында нақты жағдай да орын алды: қан қысымы төмен студент есінен танып қалды. Владимир Жужгов мұндай жағдайда адамның аяқтарын жоғары көтеру қажет екенін көрсетті — бұл қанның миға келуін арттырып, жағдайды қалыпқа келтіруге көмектеседі.
СНХР: Нариман Барбанов — СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы
Полицейлер жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысты өз қызметінде кездескен жағдайлар бойынша сұрақтар қойды. Айталық түрлі жарақаттар, қан кету, күйік кезінде қалай әрекет ету қажет екендігі жөнінде. Әрбір сұраққа манекендер мен еріктілердің қатысуымен нақты іс-қимылдар көрсетіліп, толық жауап берілді.
СНХР: Талғат Галлиулин — СҚО ПД ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Айта кетейік, наурыз айында осындай дайындықтан өткен полицей көшеде жүрегі тоқтап қалған Петропавл тұрғынының өмірін сақтап қалды. Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары тәртіп сақшылары үшін аса маңызды — қажет сәтте олар адам өмірін құтқара алады.