Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерлерін қолдау шаралары күшейіп, қолжетімді баспана тетіктері дамып келеді. Өңірге жұмыс сапарымен келген «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова өңірдегі бірқатар ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл құжаттар зауыт қызметкерлерінің жұмыс берушінің қолдауымен жеңілдетілген және қолайлы шарттарда тұрғын үй жағдайын жақсартуына бағытталған.
Киров атындағы зауыт - еліміздегі ең көне әрі ірі өнеркәсіп орындарының бірі. Алдағы бірнеше жылда кәсіпорын өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтпек. Қазіргі таңда зауыт арнайы байланыс құрылғылары мен цифрлық теледидар жабдықтарын, теміржол автоматикасы мен телемеханика жүйелерін, байланыс құралдарын, сондай-ақ теміржол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи техникаларды шығарады.
Өз тарихында зауыт шағын шеберханадан бүгінгі таңда жоғары технологиялық жабдықтары мен білікті кадрлары бар заманауи кәсіпорынға айналып отыр. Бүгінде мұнда 600-ден астам адам еңбек етеді. Кәсіпорын басшылығы «Отбасы банкпен» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қаржы институты өндіріс саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың тиімді құралы ретінде өзін танытып үлгерді. Мәселен, «Корпоративтік» өнімі 500-ден астам қазақстандыққа жұмыс берушінің қолдауымен баспана алуға мүмкіндік берді. Бұл — икемді тетік, яғни оның шарттары нақты кәсіпорынның мүмкіндіктеріне қарай бейімделе алады. Осындай меморандум ащы сусындар шығаратын зауытпен де жасалды.
Сапар барысында кәсіпорынның еңбек ұжымымен де кездесу өтті. Ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан зауыт жаңғыртудан өтіп, бүгінде еліміздегі алкоголь өнімін шығаратын жетекші өндірушілердің біріне айналды. Өндіріс толық автоматтандырылған және халықаралық стандарттарға сай.
СНХ: ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА - «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ
«Отбасы банктегі» «Корпоративтік» өнімі 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Астана және басқа да қалалардағы кәсіпорын жұмысшыларына тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Петропавлда бұл мүмкіндікті «Alageum Electric» компаниясының қызметкерлері пайдаланып үлгерді.