Петропавл қаласында қоғамдық тамақтану саласы өкілдерімен еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті ұйымдастырды. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа талаптар түсіндіріліп, кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарына жауап берілді.

Алаңда дәмхана, мейрамхана және асхана иелері мен басқарушылары, сондай-ақ кадр мамандары мен есепшілер бас қосты. Негізгі мақсат — еңбек заңнамасының өзекті талаптарын және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін түсіндіру. Сонымен қатар, Enbek.kz порталымен жұмыс істеу кезінде жіберілетін бұзушылықтар үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

СНХР: МИРАС САБАҒАНОВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Солтүстік Қазақстан облысы мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығының атқарушы директоры Андрей Фроловтың айтуынша, кәсіпкерлерді әсіресе кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты мәселелер алаңдатады. Оның сөзінше, жұмыс берушілер заң талаптарын нақты білуі тиіс. Бұл — құқық бұзушылықтың алдын алып, жас қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

СНХР: АНДРЕЙ ФРОЛОВ, СҚО РЕСТОРАТОРЛАР МЕН ОТЕЛЬЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

2026 жылдың бірінші тоқсанында облыЫ бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне түрлі ұйымдардың 443 қызметкері жүгінген. Мамандар 67 тексеру жүргізіп, 97 құқық бұзушылықты анықтады. 32 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгені құрады.