Солтүстік Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында прокуратура органдары ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Іс-шара апта сайын «Рахмет» сауда-ойын-сауық орталығында және облыс аудандарында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 

Іс-шара барысында шамамен 250-ге жуық өңір тұрғыны тегін құқықтық кеңес алды. Тұрғындардың сұрақтары әлеуметтік қамсыздандыру, отбасы, еңбек, тұрғын үй, салық және жер мәселелеріне қатысты болды.

СНХР: КЕНЕСАРЫ МҰХАМЕТЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ

Акция барысында жүгінген азаматтардың біріне небәрі 15 минут ішінде банк шотындағы бұғаттау алынып тасталды. Айыппұлдарын толық өтегеніне қарамастан, ол екі ай бойы жалақысын пайдалана алмаған. Айта кетейік, акция апта сайын Петропавл қаласында және облыс аудандарында тұрақты түрде өткізіледі.

СНХР: ИВАН НИКОЛАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жыл басынан бері бұл акция аясында прокурорлар мыңнан астам азаматты қабылдады. Аталған акция тұрғындарға мәселелерді жедел әрі тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді.