Петропавл қаласы маңында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Гидрологтардың мәліметінше, қауіпті деңгейге небәрі 30 см қалды. Су деңгейі 940 сантиметрге жеткен жағдайда Борки кенті аумағында өзеннің жайылмаға шығу қаупі бар. 15 сәуір күні таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша Петропавл су қоймасында су деңгейі 26 см-ге көтерілген.Мамандардың хабарлауынша, Қызылжар ауданында, сондай-ақ Ғ.Мүсірепов атындағы аудан және Шал ақын аудандарында Ақмола облысынан келетін су ағынына байланысты су деңгейінің әрі қарай көтерілуі күтілуде.