Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Биыл 21 мыңнан астам жас азамат ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылымдардың қатарын толықтырмақ. Шақырылым науқаны дәстүрлі түрде жылына екі рет өткізіледі.

2026 жылдың наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Ал белгіленген қызмет мерзімін өтеген сарбаздар запасқа шығарылады. Әскер қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар алынады. Солтүстік Қазақстан облысынан биыл 500-ден астам жас жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Оның жартысы күзгі шақырылым кезінде әскерге жіберіледі.

СНХР : ЕРНАР МЕЙРХАНОВ, СҚО ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ