Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында жастарды мемлекеттік қызметке тарту бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ерте кәсіби бағдар беруді қамтитын бұл бастама мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі кезеңді қамтиды.
Апталықты қорытындылау мақсатында «Жастар және мемлекеттік қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтің маңызы мен жастардың рөлін талқылады.
СНХР: ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Мемлекеттік қызмет апталығы аясында өңір мектептерінде дебат турнирлері ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамдық маңызды мәселелерді талқылады. Байқау қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
СНХР: СӘУЛЕ ҚАСЕНОВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың белсенділігін арттырып, мемлекеттік басқару жүйесіне деген қызығушылығын күшейте түседі.