Шамалы уақыттан соң теріскейде көктемгі егіс науқаны басталады. Соған орай қазір жер емген шаруалар қолдағы бар техниканы көктемгі дала жұмыстарына әзірлеп жатыр. Солардың бірі Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда орналасқан «Ақселеу» серіктестігі. Мұндағы шаруалар ылғал жабуға сәуірдің 20-сы күні кіріспек. Қазір ол жұмыстарға жұмылдырылатын қолда бар техника сақадай сай тұр.
«Ақселеу» серіктестігінің меншіктеріндегі егістік алқаптың жалпы көлемі 15 мың гектарды құрайды. Оның 30 пайызын майлы, 20 пайызын бұршақ текті дақылдар, 40 пайызына бидай, қалғанын арпа, сұлы мен бір жылдық шөп секілді малға қажетті жем-азық қоры құрайды. Диқандар қауымы егістік науқанын кестеге сай мамыр айының басында бастамақ. Ал танап басында оған дейінгі атқарылатын жұмыс ол ылғал жабу.
СНХ: Серік Малаев – серіктестік директоры
Іргелі шаруашылық көктемгі дала жұмыстарын уақтылы бастап белгіленген межеде аяқтауға толық дайын. Тұқым қоры жеткілікті. Қолда бар техниканың бәрі сақадай сай. Егістік науқанына қажетті арзандатылған жанар-жағармаймен 100 пайыз қамтамасыз етілген.
СНХ: Серік Малаев – серіктестік директоры
Жер мен жұмыс істегесін егістік алқаптарда ғылыми жолмен дәлелденген қажетті агрокешендік шаралардың барлығы уақтылы жүзеге асырылуы шарт. Сонда ғана ырыздығын жерден тапқан жанға жер ананның берері мол болады, дейді аталмыш серіктестікке 40 жылға жуық басшылық етіп келе жатқан Серік Татыбайұлы.
СНХ: Серік Малаев – серіктестік директоры
5 пайыздық үстеме ақымен берілетін несие, арзандатылған жанар-жағармай мен 60 пайызы субсидияланатын тыңайтықшатар. Бұлардың бәрі ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау. Ерінбей еңбек еткен жанның маңдай тері ескерусіз қалмайды.