Бескөлдегі №2 орта мектеп базасында Қазақ хандығының 560 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған ауқымды іс-шара өтті. «Мемлекеттілік сабақтастық: Ұлы даладан Тәуелсіздікке» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция тарих белестерін түгендеп, болашаққа бағыт бағдарлады.

Алқалы жиынның басты мақсаты тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру және оқушылардың зерттеушілік қабілетін шыңдау. Сондай-ақ, заманауи білім беру жүйесіне цифрлық ресурстарды тиімді енгізудің әдіс-тәсілдері де қызу талқыланды.

СНХ: БОТАГӨЗ БАТАНОВА, №2 БЕСКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Конференцияға 80-нен астам делегат жиналды. Олардың қатарында М. Қозыбаев атындағы СҚУ ғалымдары, «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің мамандары, Ұлттық ұлан Академиясының өкілдері, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушылары бар. Өңірдің түкпір-түкпірінен келген тарихшылар өз зерттеулері мен тың баяндамаларын ортаға салды.

СНХ: ЗЫЛИХА БИМАҚАНОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ДОЦЕНТІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Жиынның ерекшелігі тек баяндамамен шектелмей, тарих тіріліп, сахналанған қойылымға ұласты. Оқушылар мен ұстаздар бірігіп дайындаған спектакль көрерменді Керей мен Жәнібек хандар дәуіріне жетеледі. Ойрат шапқыншылығына қарсы тұрған қазақ рухы мен азаттық жолындағы күрес әсерлі бейнеленді.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар тарихты оқытудың соңғы форматтарын меңгеріп, өзара тәжірибе алмасты. Мемлекеттік деңгейдегі мерейтойлар қарсаңында өткен бұл іс-шара өлкедегі тарихи білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге серпін бермек.