Елімізде «Жасыл апта» республикалық экологиялық челленджі бастаалды. «Жер амбассадорлары» және «Жасыл клубтар» жобалары аясында ұйымдастырылған бастама жас ұрпақтың қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Челлендж Солтүстік Қазақстан облысында да кең қолдау тапты. Өңір бойынша 430-ға жуық білім беру ұйымы қатысуда. Соның бірі – Смaғұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектеп. Бұл жерде 50-ге жуық оқушы табиғатты қорғау бағытындағы түрлі іс-шараларға белсенді атсалысуда. Айта кетейік, челленджді Батыс Қазақстан облысының екі мектебі қабылдап алып, эстафетаны Ұлытау облысына жолдады.
СНХР: ДИАННА ҚАЗБЕКОВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мектепте тек оқушылар ғана емес, ата-аналар да белсенділік танытуда. Әкелер кеңесінің мүшелері сенбіліктерге қатысып, мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосып жатыр. Бұл бастама отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайта түскен.
СНХР: ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВ, АТА-АНА
Сонымен қатар, аналар кеңесі де мектеп өміріне белсене араласуда. Олар көгалдандыру жұмыстарына қатысып, гүл отырғызып, аумақты көркейтуге атсалысуда. Мұндай бірлескен әрекеттер оқушыларға үлкен тәрбие беріп, ортақ жауапкершілікті қалыптастырады.
СНХР: ЕЛЕНА СЕРОБАБА, АТА-АНА
Экологиялық акциялар, сенбіліктер мен эко-сабақтар аясында оқушылар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, нақты істер арқылы үлес қосуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жасыл апта» – тек бір реттік шара емес, қоршаған ортаға деген тұрақты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.