Петропавл қаласындағы жылу желілері енді қалалық әкімдіктің қарамағына өтті. Қазіргі таңда нысандағы қондырғылардың 82 пайызы тозған. Биылғы жылыту маусымына 100-ден астам ақау анықталған.
Тозығы жеткен құбырлар бүгінде жиі бұзылып, ақауларға себеп болуда. Жалпы жылу желілерінің ұзындығы 230 шақырымды құрайды. Оның құрамында 50-ден астам сорғы станциясы бар. Мамандардың айтуынша, мекеменің мемлекет меншігіне берілуі ескірген инфрақұрылымды бюджет қаражаты есебінен жаңғыртуға жол ашады. Себебі, қазіргі коммуналдық тарифтерден түсетін табыс жөндеу жұмыстарын толық қамту үшін жеткіліксіз. Алдағы уақытта қалалық әкімдік жыл сайын кемінде 18 шақырым құбырды жаңартуды жоспарлап отыр.