Петропавлда электротехникалық зауыт қызметкерлері баспаналы болуда. «Alageum Electric» компаниясына тиесілі 9 қабатты тұрғын үйде «Отбасы банк» АҚ-мен бірлескен «Корпоративтік өнім» бағдарламасы аясында 104 пәтер пайдалануға берілді. Өңірге жұмыс сапарымен келген «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй кешенін аралап, бағдарламаның тиімділігіне тоқталды.

Өңірге жұмыс сапарымен келген "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Петропавлдағы "Alageum Electric" компаниясына тиесілі 9 қабатты үйде болып қайтты. Мұнда барлығы - 104 пәтер бар. Онда серіктестіктің "Отбасы банкпен" жасалған "Корпоративті өнім" бағдарламасы аясында электротехникалық зауытта жұмыс істейтін жандар тұрады.

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы

Аталмыш бағдарлама арқылы баспаналы болып жатқан жандардың бірі -Бейбіт Ыбыраев. Ол Петропавл электротехникалық зауытында техникалық директор болып қызмет етеді. 2 баланың әкесі отбасымен теріскейге 4 жыл бұрын Түркістан облысынан қоныс аударған. Бүгінде ер азамат 3 бөлмелі пәтердің иесі атанып отыр.

БЕЙБІТ ЫБЫРАЕВ, Петропавл электротехникалық зауытының техникалық директоры:

Ләззат Ибрагимова Бейбіт Ыбыраевты жаңа пәтерімен құттықтады әрі аталмыш бағдарламаның тиімділігін атап өтті. Айта кетейік, қазіргі таңда "Корпоративті өнім" бағдарламасы аясында электротехникалық зауыттың 3 қызметкері баспаналы болды.