Елімізде жергілікті атқарушы билік өкілдері мен мәслихат депутаттарының кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында қатысушылар заманауи басқару тәсілдерін меңгеріп, өңірлік даму мәселелерін тиімді шешуге қажетті дағдыларын жетілдіреді.

Ауқымды оқытуға әкімдер, депутаттар, партия филиалдарының жетекшілері мен қызметкерлері қатысуда. Бағдарлама ел көлемінде 2,5 мыңнан астам адамды қамтыса, Солтүстік Қазақстан облысынан 135 өкіл білім алуда. Қатысушылар үшін көшбасшылық, бюджет және салық саясаты, сондай-ақ халықпен байланыс орнатудың жаңа әдістері қарастырылған. Бағдарлама кезең-кезеңімен өтеді. Алғашында тыңдаушылар теориялық білім алып, кейін тәжірибелік тапсырмалар арқылы нақты жобалар әзірлейді. Қорытынды кезеңде қатысушылар өз бастамаларын қорғап, оларды өңірлерде жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады. Оқыту биыл қазан айына дейін жалғасады.

СНХР: АЛТЫН САҒИТОВА, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ СҚОФ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ