Петропавлда тұрғын үй кезегінде тұрған елуге жуық отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын тойлағалы отырғандардың басым бөлігі әлеуметтік осал топтағы азаматтар.Көпті қуантқан қоныс той! Петропавлда үй кезегінде тұрған 50-ге жуық отбасыға су жаңа пәтердің кілті табысталды. Оның 80 пайызы - әлеуметтік осал топтағы жанұялар. Салтанатты жиынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, қуаныштан төбелері көкке бір елі жетпей тұрған жандарды құттықтады.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Мына дүйім жұрттың қуанышында шек жоқ. Себебі, олар бірнеше жыл бойы "Отбасы банкінде" пәтер кезегінде тұрды. Осы күнді көп күтті. Көпқабатты баспананың алдында кішігірім той болды десек қателеспейміз. Шашу шашылып, ізгі тілектер айтылды. Салтанатты шараға "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова арнайы келген.
ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы:
Салтанатты шарадан кейін облыс әкімі әр баспанаға кіріп, жасалған жағдаймен танысты, тұрғындармен тілдесті. Үйлердің іші кең. Іші жарық әрі жайлы. Қуаныш иелері өңір жетекшісімен кездесу барысында алғыстарын білдірді.((интершум 192))Никита Куликов - балалар үйінің тәрбиеленушісі. 22 жастағы қала тұрғыны осыдан 10 жыл бұрын кезекке тұрған.
НИКИТА КУЛИКОВ, үй иесі:
Меруерт Мұқыжанова - мемлекеттік қызметкер. Бүгін оған екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Нәзікжандының қуанышында шек жоқ. Ол жұбайымен бірге жаңа пәтерге тез арада көшуді жоспарлап отыр.
МЕРУЕРТ МҰҚЫЖАНОВА, үй иесі:
Айта кету керек, биыл облыста үй кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасы баспаналы болады. Бұл - соңғы жылдардағы рекордты көрсеткіш.